«МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ НЕГІЗДЕРІ» тақырыбында оқыту семинары өткізілді
Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессорларының қатысуымен 2024 жылдың 29-шы тамыз күні Қызылорда қаласы №12 IT мектеп-лицей базасында облыстың 130-ға жуық география пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: педагогтерге қазіргі кездегі география пәнін оқытудың ерекшеліктері мен оқытудың тиімді жолдарын көрсету.
Семинар барысында:
«Әлемнің географиялық дизайны және ГАЖ (GIS) –технологиялар» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, PhD –Алиаскаров Думан Тоқтарұлы;
«Геоақпараттық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтан зерделеу материалдары» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының қауымд. профессоры м.а., PhD -Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы;
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарына арналған "Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар" электронды оқулығының таныстырылымы https://giseducation.kz/ - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының қауымд. профессоры м.а., PhD - Үсенов Нұрбол Ергешұлы;
«География сабағында ГАЖ (GIS) қосымшалары мен геопорталдарды тиімді пайдалану жолдары» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының 1-курс докторанты - Нұрмағамбетұлы Жанболат география пәнінің мұғалімдеріне шебер-сыныптар ұйымдастырды.Барлық семинарға қатысушы география пәні мұғалімдеріне “Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері” тақырыбында сертификаттар табысталды.